Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Алматыда аялдаманы сындырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматының Бостандық ауданында 32 жастағы ер адам бұзақылық жасаған.
– Естеріңізге сала кетейік, ол аялдамалардың бірінің терезесін сындырған. Құқық бұзушының жеке басы бірден анықталды. Күдікті ұсталып, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Сонымен қатар Алматы қаласының полициясы азаматтарды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға және қылмысқа мүлдем төзбеушілік танытуға шақырады. Қоғамға жат мінез-құлық, бұзақылық және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін жаза қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында аса катігездікпен адам өлтірген күдікті ұсталды