|
05.07.2024 | 14:37
242

Алматы облысында аса қатыгездікпен адам өлтірген күдікті ұсталды

Оқиғаның мән-жайын анықталуда

Алматы облысында аса қатыгездікпен адам өлтірген күдікті ұсталды elements.envato.com

Алматы облысы Есік қаласында жантүршігерлік оқиға болды. Мұндағы жанармай бекеттерінің бірінде жанжал шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екеуара келіспеушіліктен соң, күдікті 1995 жылғы азаматқа пышақ сұғып алыпты. Ауыр жарақат алған ол тілге келместен, сол жерде көз жұмды. Облыстық полиция департаменті берген ақпарға сүйенсек, күдікті қазір қамауда.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына  қамауға алынды. Кісі өлтіру фактісі бойынша  қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шараларының кешені өткізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», – деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Меруерт Морякова.

Оқи отырыңыз: ҰҚК Маңғыстау облысында арнайы операция жүргізді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир