Алматыда қандай ағаштар кесілуі керек

пресс-служба акимата
пресс-служба акимата
Қала аумағында 4 миллионнан астам ағаш өседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сырты жасыл, өзегі шіріген: Алматы әкімдігі апатты ағаштарды тексеру және кесу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түгендеу мен жасыл желектер тізіліміне сәйкес Алматы аумағында 4 миллионнан астам ағаш өседі. Бұл ретте 84 мыңнан астам апатты ағаш бар, оның 35 мыңы көше бойында, 49 мыңы аулада. Бұл туралы қалалық экология және қоршаған орта Басқармасының жасыл қорды басқару және мониторинг бөлімінің басшысы Нұрлан Құттыбаев баспасөз турында айтты.

2022 жылы қалада апатты ағаштарды кесудің бес жылдық жоспары бекітілді. Жоспар бойынша 2022 жылы магистральдық жолдар бойында, саябақ аймақтарында және аулаішілік аумақтарда 6 мың апатты ағаш кесіліп, кесілген ағаштардың орнына 68 мың көшет отырғызылды.

- Биыл басқарма 16 925 мың дана апатты ағаштарды кесуді жоспарлап отыр және кесілген ағаштардың орнына 169 250 мың көшет отырғызуды жоспарлап отыр, - деді ол.

Бүгінгі күні кестеге сәйкес апатты ағаштарды кесу жұмыстары басталды. Барлығы 180-ден астам адам, 33 бригада жұмыс істейді. Жұмыс басталар алдында жақын маңдағы үйлердің тұрғындары құлағдар болады, жол ескерту белгілері орнатылады және барлық қауіпсіздік шарасы сақталады.

Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ ғылыми қызметкерлерін тарта отырып, апатты ағаштарды кесу жөніндегі жұмысты бастамас бұрын экологиялық мәселелерді шешу үшін Ботаника және фитоинтродукция институты және экобелсенділер апатты ағашты мұқият тексереді.

- Ағаштың сау немесе апатты жағдайда екенін көзбен көріп анықтау мүмкін емес. Сондықтан ағаштың өзегінде немесе тамырында шіріктің болуын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғы бұрғы бар. Қалалардағы жасыл кеңістіктің жасы табиғатқа қарағанда төмен. Өйткені қалада ағаштар ауыр металдарды сіңіреді және әртүрлі механикалық зақымға ұшырайды. Қатты жел мен басқа да ауа-райының қолайсыздығы кезінде ауру ағаштар құлап, ғимараттарға, құрылыстарға зиян келтіруі және адам шығынына әкелуі мүмкін, - деді Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ биологиялық қорғау бөлімінің меңгерушісі Нұржан Мұхамадиев.

Бұған қоса, әр ауданда қоғам қайраткерлері мен жасыл желекке бей-жай қарамайтын азаматтардың «Жасыл комиссиясы» құрылды. Алмалы ауданы бойынша «Жасыл комиссияның» басшысы Омар Нұрхайдаров ұйым басқарма тарапынан ағаш кесуге және аудан әкімдігі тарапынан бұтақты санитарлық кесуге қоғамдық бақылауды жүзеге асыратынын хабарлады.

- Өздеріңіз білесіздер, қазір қалада қураған және апатты ағаштарды кесіп жатыр, біздің экобелсенділер экология басқармасының қызметкерлерімен бірге көшелер мен аулаларды аралап, құлаған апатты ағаштардың тізімдейді. Біздің тізімдегі ағаштардың дені қураған, кейде ерекше жайт (сыртқы жасыл ағаш және ішкі өзегі шіріген кезде) кездеседі, - деді қоғам қайраткері.

Мысал ретінде ол  сыртқы жасыл, бірақ тамыр жағы қуыс, шіріген өзегі қарағашты көрсетті. Ағаш балалар ойын алаңының жанында өсіп тұр.

- Ағаш қауіп төндіреді, біз оны кесу туралы шешім қабылдадық. Біздің аудандағы апатты, бірақ жасыл ағаштар әркез жасыл комиссия мамандары және мүшелері талқылағаннан кейін әрі олардың келісімімен кесіледі. Бұл аудан әкімдігі мен экология басқармасының қоғамдық бақылау үшін ашықтық пен қолжетімділікке деген талпынысын көрсетеді, - деді Омар Нұрхайдаров.

Новости партнеров