Шығыс Қазақстанның 9 ауылына интернет желісі тартылады
Бұл туралы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенов хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Биыл Көкпекті ауданына қарасты 9 елді мекенге кең жолақты интернет желісі тартылады, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенов хабарлады. Бұған дейін сапалы интернет желісіне зәру болып отырған тұрғындар үшін бұл жағымды жаңалық болды.
«Биыл ауданға қарасты елді мекендерді ғаламтор желісімен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілуде. Соның нәтижесінде осы жылы тоғыз ауылға кең жолақты сапалы интернет желісін тартуды жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, Биағаш, Егінбұлақ, Мариногорка, Жұмба, Мойылды, Палатцы, Подгорное, Қаракөл және Песчанка ауылдары. Алдағы уақытта бұл жұмыстар әлі де жалғасады», - деді Жасұлан Майкенов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32