Алматы тауында адасып кеткен төрт турист құтқарылды
пресс-служба КЧС МВД
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы тауларында адасып кеткен төрт турист құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 тамызда, түнгі сағат 00.30-да ІІМ ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының бақылау бөліміне төрт жас жігіттің «Фурманов» шыңы маңында адасып кеткендігі туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел құтқарушылар шықты. Сағат 02.25-те топ адасып кеткен жастарды тапты. Олар тік беткейден, өз беттерінше түсе алмаған.
«Құтқарушылар бұл таулы аймақты жақсы білгендіктен, түнгі қараңғылыққа қарамастан жас туристерді тез тауып алды. Қауіпсіз айналма жол арқылы шығарып, туыстарының қолына тапсырды», - делінген ведомства хабарламасында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10