Бүгін Түркіменстаннан Қазақстанға 256 қандасымыз көшіп келеді

13.05.2021 в 21:26

Бұл – түркімен жерінен атажұртқа ат басын бұрған көштің екінші керуені

Бүгін Түркіменстаннан 256 қандасымыз «Түрікмендемиреллары» мемлекеттік агенттігі арқылы «Түрікменбашы-Болашақ-Жаңаөзен» бағыты бойынша Қазақстанға көшіп келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Қандастырымызды  қарсы алу жұмыстарын ұйымдастыруға ҚР Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Денсаулық сақтау министрліктері, ҰҚК Шекара қызметі, Маңғыстау облысы әкімдігі, «Қазақстан темір жолы» АҚ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар қоры» КЕАҚ атсалысты.

Тарихи Отанына көшуге ниет білдірген қандастардың визалық құжаттары толық дайын және олардың COVID-19 індетіне қатысты тиісті ПТР тестілеудің анықтамалары бар.

Алдағы уақытта қандастар өздерінің қалауы бойынша еліміздің кез келген өңіріне қоныстана алады.

Елге келген қандастар солтүстік өңірлерге қоныс аударған жағдайда олар арнайы өңірлік квоталармен қамтылатын болады.