|
09.10.2020 | 16:26
7968

Алматыдағы ШОБ өкілдері МӘМС жарналары мен аударымдарынан босатылды

МӘМС жарналары мен аударымдарынан босату кезеңі жыл соңына дейін ұзартылды

Алматыдағы ШОБ өкілдері МӘМС жарналары мен аударымдарынан босатылды

Экономиканың ең көп зардап шеккен  ШОБ саласына жыл соңына дейін МӘМС жарналары мен аударымдарынан босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев, Үкіметтің 2020 жылғы 20 сәуірдегі қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 1 қазанына дейін  ШОБ-тың 29 санатын және 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ірі кәсіпкерліктің 10 санатын жарналар мен аударымдардан босатқанын хабарлады.

«ҚР Президентінің 1 қыркүйектегі Жолдауында  экономиканың ең көп зардап шеккен салаларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерін МӘМС жарналары мен аударымдарынан босату кезеңі жыл соңына дейін ұзартылды», — деп атап өтті Т. Әбілдаев.

Өз қызметкерлерін сақтандыру үшін жұмыс берушілер олардың деректерін с msb.fms.kz сайтында тіркеуі тиіс  және ай сайын ақпаратты жаңартып отыру қажет.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир