Алматыда Кітапханашылар күні атап өтілді

15.10.2019 21:27

Алматыда бүгінде үлкенді-кішілі 40-қа жуық кітапхана бар

Алматыдағы Ұлттық кітапханада кітапханашылар күніне орай «Мамандығым-мақтанышым» атты ашық есік күні өтті. 1999 жылдан бері аталып өтілетін мереке қарсаңында мамандықтың мәртебісін арттыру мен имиджін қалыптастыру сөз болды, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі.

Одан бөлек, көрме ұйымдастырылып оған отандық және ТМД елдерінің әдістемелік оқу құралдары қойылған. Шара аясында еңбегі еленген үздік қызметшілер де марапатталды. Айта кетейін Алматыда үлкенді-кішілі 40-қа жуық кітапхана бар.

«Кітапхана мамандығын насихаттау және де жастарды кітап оқуға үгіттеу. Бұл шараға Алматы қаласында оқып жатқан кітапхана мамандығын оқып жатқан студенттер қатысып отыр. Сонымен қатар, басқа да ат салысқан оқу орындары бар», – деді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми әдістемелік қызметінің жетекші маманы Эльмира ӘЗІРЕТБЕРГЕНОВА.