Әйел денесінің 75 пайызы күйіп қалған
Нұр-Сұлтан қаласында күйеуі бензин құйып, өртеп жіберген келіншектің өмірімен дәрігерлер 9 күннен бері күресіп жатыр. Әлі жансақтау бөлімінде жатқан науқастың халі әлі ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ақ халаттылардың айтуынша, адам денесін 45 пайыз күйік шалғанның өзінде аман қалуы екіталай. Ал, бұл әйелдің денесінің 75 пайызы күйіп қалған. Қазіргі уақытта жасанды жолдармен тыныс алып жатыр.
Айта кетейік, елордада 43 жастағы ер адам әйелінің үстіне бензин құйып, қала сыртына шығарып өртеп жіберген болатын. Полицияға автобус аялдамасында денесі күйіп қалған әйелдің жатқаны жөнінде хабарлама түсіп, бірден ауруханаға жеткізілген болатын.