Алматыда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қазақ-қырғыз тарихшылары бас қосты

27.05.2022 21:27

Ұйымдастырушылардың айтуынша, айырқалпақты ағайын жиынға біршама жаңалықпен келген

Almaty.tv

Алматыда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қазақ-қырғыз тарихшылары бас қосты,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осыдан 3 жыл бұрын «Орталық Азиядағы репрессия» тақырыбында басталған еларалық ғылыми қатынас осылайша жалғасын тапты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, айырқалпақты ағайын жиынға біршама жаңалықпен келген.

«Қырғыз ағайындар қазір бізден озып кетті. Талап туралы кітап шығарып келіп отыр. 2 кітапты – «Алаш» партиясының қырғыз бөлімшесі деп шығарып алып келіп отыр. Біз мысалы «Алаш» партиясының ондай бөлімшесі болды деп көп айта бермейміз, білмейміз мысалы Қырғызстанда», – деді репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының директоры Ғарифолла Әнес.