Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу 10-17 қараша аралығында тағы 2,3% - ға арзандады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Сарапшылардың дерегі бойынша, аталған уақыт аралығында әсіресе, Көкшетау (-8.1%), Орал (-6.8%) және Астанада (-3.6%) бағаның төмендегені байқалады.
Алматыда тұрғын үйді жалға алу бағасы 2.8% - ға төмендеді.
Бұл ретте Қарағанды мен Қостанайда төлем керісінше 1-3% - ға өсті.
«Жалдау мөлшерлемесінің төмендеуі өткен апталармен салыстырғанда баяулады. Жақын арада тоқтауы мүмкін. Алайда жалға алу құны қыркүйек айының басында болған бағаларға қайта оралмауы мүмкін», - дейді мамандар.
Пәтерді жалға алу құнының жалпы төмендеуіне қарамастан, дүрбелеңге дейінгі кезеңмен салыстырғанда (қыркүйек айының басында) Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасы орта есеппен 13.8% - ға өсті.
Ең жоғары өсім Қостанайда (+30.9 %), Алматыда (+23.8 %), Павлодарда (+22.2%) байқалады. Астанада 1 қыркүйекпен салыстырғанда жалға алу қазір 17.9% - ға қымбат.