|
13.02.2020 | 16:29
2036

Алматыда колледж студенттері арасында «JasSkills Auezov 2020» чемпионаты басталды

Үздік шыққандарға сәуір айында өтетін қалалық додаға жолдама беріледі

Алматыда колледж студенттері арасында «JasSkills Auezov 2020» чемпионаты басталды

Оған қаладағы электрик, құрылысшы, аспаздық сынды 16 кәсіптік мамандықтар бойынша білім алып жатқан 88 студент бақ сынауда. Байқау халықаралық «Worldskills» қозғалысы аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жарыс жеңімпаздары ертең анықталады. Үздік шыққандарға сәуір айында өтетін қалалық додаға жолдама беріледі. Кейінен онда республикалық деңгейдегі жарысқа Алматының намысын қорғайтындар іріктеледі.  

«Негізгі бұл чемпионаттың мақсаты – жас балалардың бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, оларды сайысқа қатыстырып, біліктілігін арттыру», – деді «Worldskills kazakhstan» техникалық комитетінің төрағасы Ерұлан ҚАРАҒҰЛОВ.

«Біз бұл конкурста білген түйгенімізді ортаға салып, өзіміздің бағымызды сынап көреміз. Бұл жерде жаңа достар табамыз. Көптеген тәжірибелер жинаймыз. Өте жақсы конкурстар», – деді жарысқа қатысушы Ұлпан ЖҰМАБАЙ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир