Түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаумен айналысатын қорға жіберілді
Қазақстан халқының бірлігі күнінде Аманат партиясы қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрін дәріптеген іс-шарада түрлі дәм ұсынылып, этномәдени бірлестіктердің концерттік бағдарламасы көпшілікке жол тартты. Сонымен қатар, жәрмеңкеде келушілерден түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаумен айналысатын қорға жіберілді.
«Елдің көңіл-күйін көтеру үшін осы мерекені ұйымдастырдық. Қазіргі кезде аудандық филиалдарда әр ұлтты таныстырып, жәрмеңке өткізіп жатыр. Сонымен қатар, біздің концерттік бағдарламамызға ҚХА қолдау білдіріп отыр», – деді AMANAT партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Айгерім Мұстафаева.