Мерейлі отбасы: Алматыда ұлттық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Конкурсқа 250-ге жуық әулет қатысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үлгілі жанұяларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған ұлттық конкурсқа 250-ге жуық әулет қатысқан. Өнерді ортаға салып, бақ сынасқан отбасылар ішінен 8 топ үздік деп танылса, бір әулет республикалық жарысқа жолдама алды. Қатысушылар қаржылай сыйлыққа да ие болды.

Айта кетейік, аудандық кезеңде 235 жанұя бақ сынаған, оның ішінен 16 отбасы жүлдегер атанған. Соның 8-і бүгінгі қалалық сайыста бақ сынасты. Жыл сайынғы дәстүрге айналған жарыс биыл он бірінші рет өткізіліп жатыр. Ұйымдастырушылар «байқауға өтінім білдіретіндердің де қатары көбейіп келеді» дейді.

– Әкеміз Садан Қапышек 1932 жылы теміржол саласында жұмысын батаған. Сол кісінің жолын қуып, ұрпағы да осы салада еңбек етуде. «Мерейлі отбасы» байқауына қатасып, жеңімпаз атанып, республикалық байқауға жолдама алғанымызға қуаныштымыз, – деді байқау жеңімпазы Мұрат Қапышев.

– «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қортындысын шығарып, жеңімпаздарын марапаттап жатармыз. Байқаудың мақсаты – отбасы институтын насихаттау. Елдегі өнегелі отбасын құрметтеу, – деді Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.

Оқи отырыңыз: Алматыда көріктендірудің жаңа ережесі әзірленді

Новости партнеров