Солтүстік Қазақстан облысы Астраханское ауылында пай дауы туды. Тұрғындар жергілікті серіктестік бес жылға жуық уақыт пай үлесін дұрыс бермейді деп наразы. Шаруалардың бұлай наразылық білдіруіне не себеп? Тараптардың пікірін тыңдаған Almaty.tv тілшісі толығырақ тарқатсын.
Бұл – өздеріне тиесілі үлес пайының ақысына қанағаттанбайтын 20-дан астам зейнеткердің жанайқайы. Олар «Астраханское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пай үшін беретін қаражат пен астығын аз деп шағымданады.
«Биыл біз 4 центнерден бидай алдық. Болды. Ақшалай бұл 10 мың теңге. Бұл соманы, бізге беретін қаражаттың ақысын қалай санайды олар? Бізде осындай сұрақ туындайды. Тонна құны 70 мың бола тұра, олар бізге қалдықтардың бағасымен 10 мың теңге береді. Жарайды, 30 мың тонна астық қорын ең аз мөлшерде алатын болсақ, бізде 6 центнер бар, ол 18 мыңды құрайды. Егер бидайды алатын болсақ, бағасын 50 деп, ең аз бағамен алсақ, 4 центнердің өзі 20 мың болып тұр ғой. Логика қайда?» – деді Астраханское ауылының тұрғыны Бауыржан Рамазанов.
Ауыл тұрғындары жерлерін серіктестікке жалға беріп, сол үшін жылына 10 мың теңгеден ғана алып отырған. Бұл сома соңғы 5 жылда бір рет те өзгермепті.
«Біз ауылда тұрамыз, ауыл көркеймесе, ауылда мал өспесе, ауылда құс өспесе, қаланың да өмірі жаман болады. Солай емес пе? Ауылдан бәрі шығады ғой. Ауылдан тамақ шығады, ауылдан халық, бәрі шығады. Сондықтан ауылды көркейту керек. Ол біздің қолымыздан келеді. Біздің ауыл мінекей қандай жерде тұр. Мына жақта мемлекеттік жол, мына жақта облыстық жол. Бірақ ішінде тұрмыс қиын болып тұр. Өйткені біздің мынау «Астраханское» ЖШС пайларымызды аздау беріп отыр бәлен жыл міне», – деді Астраханское ауылының тұрғыны Сәуле Қасымова.
Тұрғындар қолдағы малды осы пайдың арқасында асырап келдік дейді. Ал қазір жем-шөпке де жетпейтін көрінеді. Сондықтан пай иелері ауылдағы малды сатуға мәжбүр екенін айтады.
«Тұрып жатсыздар ма? Тұрыңыздар. Бірақ жұртқа да күн көру керек. Себебі біздің халіміз ауылда малдың жоқтығына дейін жетті. 200 ірі қара мал басы болды, қазір 60, табында 60 ірі қара мал басы. Тіпті, шөпті де жұрт басқа жақтан әкелетін болды», – деді Астраханское ауылының тұрығы Александр Зимин.
Түйткілдің себебін анықтау үшін «Астраханское» серіктістігінің жетекшісін әңгімеге тарттық. Жергілікті халықтың жерін игеріп отырған кәсіпкер сауалымызға былай деп жауап берді.
«Біз тұрғындарға бәрін түсіндірдік. Қандай келісімшарттар бар, бәріне тұрдық. Себебі біз жұмыс жасап жүргенімізге аз болды, не бәрі 5 жыл. Бастапқы үш жылда пай иелері келгенде, біз оларға айтқанбыз, олар өздері қаржылай емес, астықпен беріңіздер деп сұрады. Бірақ біз өнімнен төлеуіміз керек. Бастапқы үш жылда біз өзімізге шығынға жұмыс жасап жүрдік. Солай бола тұра, қолдан келгенше пай әрдайым төленіп тұрды. Жеммен болсын, 300-400 келіден төлеп тұрдық. Пайын беріп жүрдік. Түсінесіздер ме?» – деді «Астраханское» ЖШС директоры Жанатхан Мапенов.
Астраханское ауылы облыс орталығынан 40 шақырым жерде орналасқан. Елді мекенде бүгінгі күні 249 үй бар, 780 адам тұрады. «Астраханское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрамындағы жердің 7 мың гектары ауыл тұрғындарына тиесілі.