|
04.09.2020 | 17:37
5241

Қосшы тұрғындары "Алматы" телеарнасына алғыс айтты

Бейнематериал эфирден өткеннен кейін жергілікті атқарушы органдар мәселеге бірден назар аударып, күрделі жөндеу жұмысын жүргізді

Қосшы тұрғындары "Алматы" телеарнасына алғыс айтты Аlmaty.tv

Нұр-Сұлтан қаласына іргелес Қосшы ауылындағы «Лесная поляна» тұрғын үй алабындағы орталық көшеге жөндеу жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді бұл жолмен қатынайтындардың сөзінше, онымен жүрудің өзі – ғанибет. Бұрынғыдай шұрық-тесік жоқ деп, қуанып отыр.

«Шұңқырлар болып, енді су, жаңбыр жауса, жүре алмайтынбыз да аяқ-киімсіз. «Алматы» арнасы соның көмегі шығар. Енді жол оңды. Сіздерге көптен көп рахмет! Осындай жұмыс істеп, осындай жол істегендеріңізге!» – деді Лесная поляна тұрғын үй алабының тұрғыны Жаныспай Елеуов.

«Осы жолмен күнде жүрем. Бұрын быт-шыт, шұрық-тесік болатын. Жөндеу жүргізгенде де шала-шарпы жасалатын. Сыртын жамай салатын. Бірінші рет осылай теп-тегіс, сапалы жүргізілді. «Алматы» телеарнасына рахмет! Сіздер көрсеткеннен кейін бірден жөндей бастады», – деді Лесная поляна тұрғын үй алабының тұрғыны Арсен Құлыншақов.

Еске сала кетейік, осыдан бірер апта бұрын біздің түсірілім тобымыз қалаға іргелес ауылдың түйткілін көрсеткен еді. Бейнематериал эфирден өткеннен кейін жергілікті атқарушы органдар мәселеге бірден назар аударып,  күрделі жөндеу жұмысын жүргізді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир