Алматыда тағы бір заңсыз салынған көлік жуатын нысан бұзылады

27.08.2024 21:31

Меншік иесінің рұқсат қағазы болмаған

Алматы қаласы әкімдігінен

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сот шешімі бойынша көлік жуу объектісі бұзылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұрын бұл нысанды Қалқаман  шағынауданда, Төле би көшесі (Машана), 308/54 үй, рұқсат құжаттары болмаса да меншік иесі (жеке тұлға) тұрғызған.

Басқарма Әуезов аудандық сотына нысанды бұзу жөнінде талап арыз берді.

2024 жылғы 11 қаңтарда Әуезов аудандық сотының ұйғарымымен талап қанағаттандырылды.

Осы жылдың 24 сәуірінде Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.

Нысанды бұзу Әділет департаменті сот орындаушыларының көмегімен басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 46 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KНАn», «Алма Гарден» тұрғынүй кешені және басқасы толығымен немесе ішінара бұзылған болатын.

Теги: снос