Елімізде адам саудасының құрбаны болған шетелдіктер әлеуметтік қызмет ала алады

24.09.2021 21:31

Қазақстанда адам саудасына байланысты жылына 120-ға жуық қылмыстық іс қозғалады

holanews.kz

Елімізге уақытша тұруға не жұмыс істеуге келген азаматтығы жоқ шетелдіктер адам саудасының құрбаны болған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет алуға құқылы болмақ. Мұндай норманы Әлеуметтік кодекске енгізу жоспарлануда. Алматыда Адам құқықтары жөніндегі комиссияның талдамалық баяндамасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мемлекет басшының қолдауын тапқан баяндамада еңбек немесе жыныстық қатынастағы қанау көрген азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек, азаматтық және мәдени құқықтарын қорғау туралы айтылады. Мамандардың сөзінше, елімізде адам саудасына байланысты жылына 120-ға жуық қылмыстық іс қозғалады.  

«Адам саудасының құрбандарының құқықтарын қорғау ол мемлекеттік тұрғыдан өте өзекті. Жалпы адам саудасының құрбандарынан түскен табыс әлемдік практикада үшінші орында тұр. Халықаралық көші-қон ұйымының есептеуі бойынша жылдық табыс 150 млрд доллар болады екен», - деді ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев.