Мектепке жол: Алматы мешіттері 500 оқушыға оқуға қажетті құрал-жабдық үлестірді

almaty.tv
almaty.tv
Мұқтаж жанұяларға 20 планшет табысталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Алматыдағы мешітте жалғасын тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл сайын өтетін игі шара аясында 500 оқушы сөмке мен оқуға қажетті құрал-жабдықпен қамтылды. Олардың басым бөлігі әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары. Ал пандемия кезінде оқу барысы онлайн форматқа көшкендіктен, мұқтаж жанұяларға 20 планшет табысталды. Қайырымдылық шараға қаладағы мешіттер мен қайырымды жандар демеушілік еткен. Жылда өтетін бұл акцияның мақсаты – балаларға қажетті құрал-жабдықтарды алуға көмек көрсетумен қатар, оларға бір сәт мейірім мен қуаныш сыйлау.

«Алматы қаласы мешіттерінің жұмылуымен 1000 баланы мектеп сөмкесімен қамтып, оларды оқу жылына дайындаған болатынбыз. Одан алдыңғы жылы 1300-1600 баланы қамтыдық. Бұл шара осылай әр жылы дәстүрлі түрде жалғасып келе жатыр бірнеше жылдан бері», – деді қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай.

Новости партнеров