Биыл Алматыда азаматтық бастамаларды қолдауға қаржы бөлінеді

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл 13-ші рет өткен Азаматтық форум алаңында белгілі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыда азаматтық бастамаларды қолдауға 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы бүгін осымен 13-ші рет өткен Азаматтық форум алаңында белгілі болды. Маңызды жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев соңғы уақытта азаматтық сана-сезімнің қарыштап дамып келе жатқанын атап өтті. Шараға 300-ден аса адам қатысты. Жиналғандар екі жылда бір рет өтетін форумның панельдік сессияларында түрлі тақырыптарды талқылады.

«Біздің қаламыз үшін бұл – өте үлкен жетістік, үлкен тарих. Сондықтан билік пен азаматтық қоғам арасындағы серіктестікті дамытуға және нығайтуға бағытталған осындай шараларды өткізу көптен бері дәстүрге айналды. Тиімділігін көрсетіп келеді», – дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Новости партнеров