|
23.06.2023 | 17:01
715

130 жылдық мерейтой: СҚО-да Мағжан Жұмабаевқа арналған халықаралық жиын өтті

Конференция басталмас бұрын, қонақтар ақынның ескерткішіне гүл шоғын қойды

130 жылдық мерейтой: СҚО-да Мағжан Жұмабаевқа арналған халықаралық жиын өтті kazbilim.kz

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, өшпес мұра қалдырған ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай халықаралық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Жазушылар одағының телеграм парақшасына сілтеме жасап.

Конференция басталмас бұрын, қонақтар Мағжан Жұмабаев алаңында ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров конференцияға қатысушыларды құттықтап, шығармашылығына табыс тіледі.

Конференцияға көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Түркия Республикаcынан келген қонақтармен қатар еліміздің белгілі ғалымдары, зиялы қауым өкілдері де қатысты.

Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов конференцияның маңызын айта отырып, Мағжан Жұмабаевтың мұраларына аса жауапкершілікпен қарап, шығармаларының толық академиялық жинағын шығаруымыз керек екенін атап айтты.

«Мағжан - қазақ поэзиясына лириканың соңғы үлгісін әкелген, қазақ жырына еуропалық жаңа өрнек салған, артына өшпес рухани мұра қалдырған ұлы ақын», - деді М. Құлкенов.

Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағы атынан ұлы ақынның мерейтойына орай жоғары деңгейде конференция ұйымдастырған облыс әкімі А. Сапаровқа алғыс хат табыс етті.

Конференцияға қатысқан баяндамашылар Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, саяси қоғамдық өмірі, қызметі жайында құнды деректерімен әдеби мәліметтерді толықтырды.

Оқи отырыңыз: Болашақта елімізде Бейбарыс Сұлтан орденін шығару қажет - Саясат Бейісбай

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир