«Қазақ тілін сүй, қатесіз жаз». Алматыда дәл осындай ұранмен өткен Республикалық жалпыхалықтық онлайн-диктант байқауы аяқталып, 5 жүлдегер анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тәуелсіздік күніне орай Stan.kz ақпараттық агенттігінің ұйымдастыруымен өткен додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан аса адам қатысып, 445 үміткер «4» және «5» деген баға алған. Сайыс нәтижесі бойынша байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталды. Ал, байқаудың басты мақсаты – көпшілікке қазақ тілінде қатесіз жазып, емлесін дұрыс иегруге мүмкіндік жасау.
«Біздің Қазақстандықтардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілін қолдану, оны дамыту. Өйткені бүгінгі таңда Қазақстанда көп ұлт өкілдері бар. Көбінесе жұмыс орнында, басқа жерлердегі кездесулерде адамдар қазақша көп сөйлемейді», – деді STAN.KZ ақпараттық агенттігінің даму жөніндегі директоры Айсұлу Мұстапаева.