Еліміздегі мектеп асханаларының ас мәзірі өзгереді. Оқушылар тұтынатын тағамдардың ішінде газды сусын мен фастфуд атымен болмайды. Астаналық оқушыларға кола мен бургер сатып алуға қазірдің өзінде шектеу қойылған. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз орталығында елордалық білім басқармасы мәлімдеді деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Мектеп асханаларында болмауы тиіс тамақтар қандай деген ата-аналардың сұрағына жауап беретін болсақ, ол – кетчуп, ас қатығы және басқалары. Яғни мектепте фастфуд сатуға мүлдем болмайды», - дейді Нұр-сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат ЖЕКЕБАЕВ.
Ал, оқушыларға ұсынылатын тағамдарды бақылайтындар қатарында – Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, депутаттардан құралған ведомоствоаралық сарапшы мамандар, үкіметтік емес ұйымдар мен ата-аналар бар.