Азаматтарға арналған үкімет «үйге жеткізу» қызметіндегі құжаттар тізімін ұлғайтты

Азаматтарға арналған үкімет «үйге жеткізу» қызметіндегі құжаттар тізімін ұлғайтты
Бұл қызмет түрін пайдалану үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш қалдырып, тиісті сомасын төлеу қажет
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Азаматтарға арналған үкіметтің «үйге жеткізу» қызметіндегі құжаттар тізімі ұлғайды. Мәселен 13 мамырдан бері «Жеткізу қызметімен» бірлесе отырып жылжымайтын мүлікті заңдастыратын құжат пен баланың туу туралы куәлігі жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл қызмет түрін пайдалану үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш қалдырып, тиісті сомасын төлеу қажет. Келісім шарт заңды түрде дайын болғаннан кейін, қажетті құжат өзіңіз көрсеткен мекен-жайға жетеді.

«Бұл қызмет өте ыңғайлы. Халықтың уақытын үнемдеу мақсатында дайын құжатты бізге келіп тапсырғаннан кейін, үйіне немесе жұмыс орнына арнайы тапсырыспен апарып беру, қазіргі таңда заманның талабына сай арналып отырған қызметтің түрі деп айтуға болады»,– деді  Бостандық аудандық ХҚКО бөлім басшысы Алмагүл Атағарова.

Новости партнеров