Мақсат жол үстіндегі жемқорлықты азайтып, тасымалдаушылардың құқықтық сауатын жақсарту
Жүк көліктері қандай техникалық талаптарға сай болуы керек? Ал, тасымалдайтын тауарларына нендей құжаттары болуы қажет? Алматыда көліктік бақылау инспекциясы жол үстінде қабылдау өткізіп, жүк тасымалдаушылардың мұң-мұқтажына құлақ түрді. Туындаған сұрақтарына жауап беріп, логистикамен айналысатын жүргізушілерге құқықтары мен тасымалдау ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мақсат жол үстіндегі жемқорлықты азайтып, тасымалдаушылардың құқықтық сауатын жақсарту.
«Көбіне жүргізушілер тарапынан жүк көліктерінің түріне қарай тасымалдайтын тауардың шекті салмағы туралы және тауарлардың құжаттарына, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болатындығы туралы сұрақтар туындап жатады. Біздің мақсат – тасымалдаушылардың өз құқықтарын түсіндіру», – деді қалалық Көліктік бақылау инспекция басшысының міндетін атқарушы Арман Ертөре.
Әр жарты жыл сайын өткізілетін мұндай қабылдау биыл Саин көшесінің бойында ұйымдастырылды. Себебі бұл көшемен жүк көліктері көп қатынайтын көрінеді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай бастама қара жолдың тозып кетпеуіне деп септігін тигізеді дейді.
«Осындай қадағалаудың арқасында Алматы қаласындағы жол жүру ережесінен басқа жолдың сапасына да кері әсерін тигізеді. Қадағалау керек. Бұл керек акция. Сондай-ақ, жемқорлық та азаяды деп ойлаймын», – деді "NUR OTAN" партиясы әуезов аудандық филиалының мүшесі Қанатбек Әділбек.