Алматыда алимент төлемей жүрген қанша азамат бар

Unsplash
Unsplash

Ата-аналық міндетін орындамағаны үшін 159 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 1500-ге жуық азамат алимент төлемей жүр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Әділет департаментінің басшысы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Былтыр шаһарда сот орындаушылары алимент өндіру бойынша 22 мыңнан астам атқарушылық іс жүргізіпті. Оның ішінде ата-аналық міндетін орындамағаны үшін 159 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

– Борышкердің тұрақты табысы немесе мүлкі болмаған жағдайда, алиментті өндіріп ала алмайды. Сондықтан жеке сот орындаушылар, әділет органдары жергілікті жұмыспен қамту орталықтарымен бірге борышкерлерді жұмысқа тұрғызу үшін іс-шаралар өткізеді. Биыл 8 жәрмеңке өткізіліп, 780 борышкер жұмысқа орналасқан, – деді Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева.

Жауаптылардың айтуынша, жалған тауарлардың табысы артып, контрафактілік өнімдердің саудасы жүріп тұр.  Былтыр қалалық Әділет департаменті осы бағытта 43 тексеру жүргізген. Нәтижесінде тауар таңбаларын заңсыз пайдаланған 16 мыңнан астам өнім тәркіленген.

– Мұндай тексерістер базарларда, сауда және бизнес орталықтарында, сондай-ақ қоймаларда жүргізіледі. Контрафактілік өнімдердің ішінде ұялы телефондар, ойыншықтар немесе трансформаторлар жиі кездеседі. Ал кінәлілер жауапкершілікке тартылып, тауарлары тәркіленеді, – деді Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева.

Оқи отырыңыз: Алматыда 2023 жылы 11 мың бос жұмыс орны бар 30 жәрмеңке өткізілді

Новости партнеров