Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Президенттің бүгінгі Жолдауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Мәдениет, оның ішінде кітапхана мамандарының жалақысын 2022-2025 жылдары аралығында әр жылы 20%-ға көтеру туралы нақты ұсыныстар жасады. Қазаққа саналы да сапалы ұрпақ керек! Осы орайда Мемлекет басшының кітапхана ісіне айрықша мән беріп, қолдау көрсетуі келешек үшін жасалған үлкен игілік! Кітапханашылар мәртебесін көтеру - білімді ұрпаққа жол ашу! Біздің бірнеше мәрте осы мәселе туралы жолдаған депутаттық сауалымыз аяқсыз қалмады. Президенттің өз Жолдауында тікелей қолдау білдіруін жақсы жаңалыққа балап отырған жайымыз бар!» – деп жазды Facebook парақшасында.