«Өміріміз тозаққа айналды»: Күйеуі теріс ағымды ұстанатын екі көрермен арнамызға хабарласты

Almaty.tv
Almaty.tv
Ұзақ уақыт оқшаулану кейбір отбасылар үшін нағыз сынаққа айналды десек артық емес
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Карантиндегі өмірдің оңай емес екені белгілі. Ұзақ уақыт оқшаулану кейбір отбасылар үшін нағыз сынаққа айналды десек артық емес. Ал діні мүлдем жат, мінезі дөрекі адаммен бірге тұрып жатқандардың жағдайы қандай? Біздің арнамызға екі бірдей көрермен хабарласты. Екеуінің де жары теріс ағымды ұстанады екен. Өміріміз тозаққа айналды деп мұңын шаққан әйелдердің басынан кешкені оқиғаларын баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

«Таспен ұрамын». Мұндай қорқытулар қазіргі уақытта кәдімгі жабайылық болып көрінуі мүмкін. Алайда кейбіреулер осыны күнде сезініп жүр. Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің жан жары салафизмнің шырмауығына шырмалған адам екен. Атын атамауды өтінген бұл кейіпкер өткен күндерін есіне алса, түн ұйқысы төрт бөлінеді.  

«Неге тыңдамайсың мені, неге сәлафизм дініне кірмейсің» деп, кейінгі кездері маған қол көтере бастады. Мен қаншама жыл ол дінді мойындамадым. Мен оны дұрыс деп есептемеймім. Аяғында қатыгездік көрсетті. Намаз оқитын көп адамдарды білемін. Олар керісінше намаз оқығаннан кейін мейірімді бола бастайды».  

Екінші кейіпкеріміз де теріс ағымның құрбаны болған. Бұл жолы ерлі-зайыптылар ғаламтор арқылы танысып, кейін отау құрады. Жанұялық өмірдің алғашқы күндерінде күйеуі қатардағы әдепті адам болып көрінген. Алайда уақыт өте әйелімен қоса,  5 жасар қызына да қол көтеруді әдетке айналдырған.

«Ол қызыма  «Не болды, шайтан, мені көрген кезде жаман боласың ба?» дейді. Түсінесіздер ме, қызым кішкентай. Ол ондай сөздерді естіп көрмеген. Ұлыма да көңіліне қатты тиетін қорқынышты сөздерді айтады», – деді қала тұрғыны Оксана ЕВТЕЕВА.

Бір күні әйел өмірлік жарым деп қосылған қосағы марихуана шегетінін біледі. Оксана  5 уақыт намазын қаза қылмаған дінге берік адам. Екеуінің сенімі бір болғанымен күйеуінің намазды басқаша оқитынын байқап қалады.  

«Ол құлшылықты басқаша жасайтынын байқағанымда, ол бірден маған сәлафизмнің не екенін түсіндіре бастады. Мен үшін ол ауыр соққы болды. Мәселен, мен қолымды былай ұстасам, ол екі қолымен кедесін басып ұстайды. Содан кейін екі қолын жоғары көтеріп, «Әмин» деп айтады. Мен айтпаймын», – деді қала тұрғыны Оксана ЕВТЕЕВА.

Жар таңдауда қателескенін түсінген Оксана бірден ажырасуға бел буғады. Енді ол басқа біреумен танысудан қорқып қалған. Сарапшылардың сөзінше, мұндай қателік, діни сауаттың таяздығында. Егер сіз немесе таныстарыңыз теріс ағымның арбауына түссеңіз, экранда көрсетілген нөмірлерге хабарласыңыз: +77011207570,

+77011200503

«Теріс діни ағымдар негізінен ғаламтор арқылы адамдарды тартады. Егер адам қандай-да бір сұраққа алаңдайтын болса, алдымен ол өз білімін ғаламтордан алады, содан кейін әртүрлі форумдар, сайттар бар және бұл теріс діни ағымдар үшін өте қолайлы алаң», – деді қалалық Қоғамдық даму басқармасының бас маманы Шыңғыс ӘЛІМҒАЖИНОВ.

Психолог Лола Шәкімованың айтуынша, кез келген адам жасына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан теріс діни ағымдардың құрбаны бола алады. Көбінесе радикалды нанымды ұстанушылар әлеуметтік ортаны достар мен жауларға бөледі. Өз сенімдерін қолдамайтын адамдарға демонстрациялық агрессия және дұшпандық көрсетеді.

«Осы топқа бір рет кірген адамда психологиялық тәуелділік пайда болады. Ол сондағылардың ойлау қабілеті мен мінез-құлқын қайталай бастайды. Ең қорқыныштысы оның алдында мақсатсыз қара түнек пайда болады. Неге? Себебі бұл ұйымда оның ойлауына, мінез-құлқына, санасына, тіпті ақпаратты қабылдауына толық бақылау жасалады», – деді психолог Лола ШАКИМОВА.

Мұндай теріс діни сенімдердің арбауына түспеудің бірден-бір жолы жақын адамдарыңызға мұқият болу. Шалыс басылған бір ғана қадам жоғарыда айтылған кейіпкерлеріміздің күйін кештіруі мүмкін.

Арнат Дүйсен, Мұрат Тайжанов, «Алматы» арнасы

Новости партнеров