|
18.11.2019 | 16:34
1490

Туған қызын сатып, ақшасын интернетте танысқан бикештерге жұмсаған

Ерлі-зайыптылар қызды 80 мың юаньге сатып алған

Туған қызын сатып, ақшасын интернетте танысқан бикештерге жұмсаған

Қытайлық азамат өзінің туған баласын сатып жіберіп, түскен ақшаны интернеттегі қыздарға сыйлық алуға жұмсаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқыс қылыққа барған ер азаматтың айтуынша, әйелі жоғалып кеткен соң оған ұлы мен қызын асырау қиынға түскен көрінеді. Ақшаның жетіспеушілігінен ол өз балаларын сатып жіберуді ойластырыпты.

Осы жылдың басында ер адамға Фучжоу қаласынан ерлі-зайыпты хабарласып, өздерінің бала асырап алғысы келетіндіктерін айтқан. Кейіннен олар ақпан айында кездесіп, қызды 80 мың юаньге сатып алған. Ақшаны қолға алғаннан кейін әкесі қызын жұпқа тапсырып, баланы бағып алу туралы келісімшартқа қол қойған.

Ал мамыр айында қыздың өгей ата-анасы асыранды баласына құжат жасатар кезде жалған туу туралы куәлікті өткізіп жіберген, нәтижесінде бұл жағдай туралы құқық қорғау қызметкерлері біліп қойған.

Ең сорақысы, қызды сатып жіберген әке тапқан ақшасын интернетте видео түсіретін қыздарға виртуалды сыйлық сатып беру үшін құртып жіберіпті. Қазіргі таңда бала саудасымен айналысқан ер азамат пен қызды ақшаға сатып алған ерлі-зайыптыға қарсы іс қозғалған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

дочь отец
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир