Елімізде онлайн санақтан өткендер саны 4 миллионға жетті

17.09.2021 21:34

Онлайн санақ 15-қазанға дейін жалғасады

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде онлайн санақтан өткендер саны 4 миллионға жуықтады. Әзірге Алматы қаласы мен Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстары көш бастап тұр, деп хабарлайды Almaty.tv

Статистикаға сүйенетін болсақ, Республикада sanaq.gov.kz сайтына 3 миллионнан астам тұрғын тіркелсе, eGov порталына 365 мыңға жуық азамат кірген. Ал, 144 мың 618 адам Aitu арқылы қатысыпты. 

Еске сала кетейік, елімізде өтіп жатқан онлайн санақ 15-қазанға дейін жалғасады.