Әртіс қалаға бара жатқан жолда апатқа түскен
Ресейлік әнші Влад Топалов шіркеуден үйіне бара жатқан жолда апатқа түсті. Бұл туралы әртіс өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Таңертең шіркеуге барып келемін деп шештім. Таңғы сағат 05:00-те тұрып, шіркеуге бардым. Көңіл-күйім көтеріңкі болды. Қалаға барып, әуежайда әйелім мен баламды қарсы алмақ болдым. Бірақ жолдың 26-шы шақырымында апатқа түстім», - деп жазады әнші.
Топаловтың айтуынша, ол сағатына 115 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Соғылған машинаның алдына өзге көлік шыға келіпті. Жүргізушінің Топаловтың көлігіне соғылудан басқа амалы қалмаған.
«Жүргізуші – зейнеткер. Өзі қатты сасып қалды. Тіпті, жол полициясы қызметкерлері келгенде құжаттарды ол үшін толтыруға тура келді», - дейді әнші.
Влад Топалов 1985 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. Сергей Лазаревпен бірге Smash дуэтінде ән айтқан.