Ақтөбеде полицейлердің ер адамды ұрғаны видеоға түсіп қалған

Видеода полицейлер ер адамды ПБ ғимаратына сүйреп кіргізгенін көруге болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде полицейлердің ұсталған ер адамды ұрып-соғып жатқаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция бөліміндегі бейнебақылау камерасы түсірген видеоны порталдың оқырмандары редакцияның WhatsApp-нөміріне +7 777 001 44 99 жіберген. Видеода полицейлер ер адамды ПБ ғимаратына сүйреп кіргізгенін көруге болады. Еденде жатқан ер адамды бірнеше құқық қорғау органдары қызметкерлері тепкілей бастайды. Соққыға жығылған ер адам олардан қорғануға тырысып бағады, бірақ оған кісен кедергі келтірген.

Жиналып қалған полицейдер металлодетекторын қирата жаздайды - басқа полицейлер оны тіреп қалған.  

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның қалалық полиция бөлімінде болғанын айтады.

"24 қарашада Ақтөбе облыстық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы ер адамды ұрып-соққан полиция қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 1-бөлігі ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген хабарламада.

Оқиға қалалық полиция бөлімінің ғимаратында болған, онда 1992 және 1995 жылғы жігіттер бұзақылық әрекеттері үшін жеткізілген.

Новости партнеров