Арыстағы жарылысқа мерзімі өтіп кеткен оқ-дәрілер себеп болуы мүмкін - сарапшы

Арыс қаласы маңындағы әскери бөлімнің қоймасы қаншалықты қауіпті екені, ол қоймада не сақталғаны жайлы Ауған соғысы ардагері сұхбат берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы Арыс қаласында болған жарылыстардан жұрт әлі есін жиып үлгерген жоқ. 

24 маусым таңертең болған төтенше жағдайдың себебін мамандар енді анықтайды. Болжам бойынша, қала іргесіндегі әскери қоймада сақталған снарядтар жарылған.

Жарылыстың қатты болғаны сонша Арыстағы үйлердің терезелері шытынап, ондаған адам ауруханаға жеткізілген. Үшеуінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.

Жекелеген адамдардың әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбаларында алдымен аспанда саңырауқұлақ тәрізді бұлттар пайда болып, артынша гүрс-гүрс жарылып, адамдардың қорыққаннан тым-тырақай қашып жатқанын байқауға болады.

Осыған байланысты ел ішінде дүрлігу басталды. «Арыс қаласы ғана емес, тіпті облыс орталығы Түркістан мен Шымкентке де қауіп төніп тұр екен, жарылыс пен оның салдарынан болған өртті ауыздықтау үшін «Бөген» су қоймасын ашады екен» деген тәрізді әр түрлі ақпараттар тарай бастады. Алайда Түркістан облыстық баспасөз қызметі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі тікелей жағдайды қолға алғанын, бүгінде Арыс қаласы тұрғындарын түгелдей қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын мәлімдеді. Арнайы үш лагерь құрылғанын атап өткен баспасөз қызметі, сондай-ақ «Бөген» су қоймасы жайлы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізіп, ел ішінде тараған дақпыртқа сенбеуге шақырды.  

Осы тұста арнамыз жалпы, Арыс қаласы және оның маңындағы елдімекен орналасқан әскери бөлімнің қоймасы қаншалықты қауіпті екені, ол қоймада не сақталғаны, жарамсыз деп табылған жарылғыш заттар мен қару-жарақты қалай жоюға немесе зарарсыздандыруға болатыны жайлы Ауған соғысының ардагері Егемберді Әбілқасымовпен сұхбаттасқан еді. Толық ақпарат төмендегі бейнежазбада.



Новости партнеров