Ол түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды
Бурабайда 4 жастағы бала екінші қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай Бурабай кентіндегі демалыс орындарының бірінде болды.
Анықталғандай, 4 жастағы бала жалдамалы үйдің 2-қабатында жалғыз қалған. Зардап шеккен бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.
«Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 141-бабы 1-бөлігі (балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен бірге, бірқатар сараптамалар тағайындалды», - деді ведомстводан.