Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Бір жылда 46%-ға өсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда күнбағыс майы өндірісі бір жылда 46%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауылшаруашығы министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы 960,5 мың гектар болған күнбағыс тұқымына арналған егіс алқабы биыл 1 млн гектарға дейін ұлғайды.

«Егін жинау аяқтауға жақын, бүгінгі күні фермерлер бұл дақылдың егіс алқаптарының 96% жинап, шамамен 1,2 миллион тонна күнбағыс бастырды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп», - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, күнбағыс майын өндіру көлемі өсіп келеді. Биылғы қыркүйекке қарай кәсіпорындар 352,3 мың тонна шығарды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 46,3%-ға артық.

Отандық күнбағыс майының бір бөлігі экспортқа шығарылады. 2022 жылдың басынан бастап шетелге 173,1 мың тонна өнім сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп.

Новости партнеров