Денис Теннің анасы спортшы пышақталған жерде қызмет еткен екі полицейді жазалауды талап етуде

Денис Теннің анасы спортшы пышақталған жерде қызмет еткен екі полицейді жазалауды талап етуде
Айтуынша, тәртіп сақшылары өлім аузында жатқан Дениске алғашқы көмек көрсетпей, жұмыстарына салғырт қараған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің белгілі мәнерлеп сырғанаушысы Денис Теннің анасы спортшы пышақталған жерде қызмет еткен екі полицейді жазаға тартуын талап етуде. Оксана Тен арызын сотқа жолдап қойыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Айтуынша, тәртіп сақшылары баласы өлім аузында жатқанда алғашқы медициналық көмек көрсетпей, жұмыстарына салғырт қараған.

Еске салайық, осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары полицейлерге қатысты тексеру жұмыстарын жүргізген. Кейін қылмыстық іс жабылған болатын. Енді Оксана Тен істі қайтара қарауды соттан сұрап отыр.

«Қанды оқиға олардың көз алдарында болды. Қоғамдық тәртіптің бұзылып жатқанын көріп тұрып, олар ешқандай шара қолданбаған. Тіпті көліктерінен де шықпаған ғой. Полицейлер Ішкі істер органдары туралы» Заңның 19-бөлімінде көзделген «құқық бұзушылықты тоқтату және алғашқы медициналық көмек көрсету» жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылуы керек», - деді адвокат Нұрлан СИҚЫМБАЕВ.

Еске салайық, танымал спортшыны өлтірген Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал, Қылмысты көре тұра жасырып қалғаны үшін Жанар Толыбаева 4 жылға сотталған болатын.

Новости партнеров