Ойын бизнесіне тосқауыл: заңнан аттап басқандар жазаланады

elements.envato.com
elements.envato.com
Жыл басынан бері 5 мыңнан астам ресурс бұғатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырған 5 мыңнан астам ресурс бұғатталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ашық НҚА порталына талқылауға шығарылған Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарда айтылған.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға 28 қолданыстағы лицензия бар. Оның ішінде - 6 казино, 9 - ойын автоматтары залы, 12 - букмекерлік кеңсе және 1 - тотализатор.

«2019 жылдан бастап мемлекеттік органдардың қызметінде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура және Мәдениет және ақпарат министрлігі арасында интернет-казино қызметіне байланысты анықталатын заңсыз материалдар бойынша ақпарат алмасудың жеделдігін арттыру мақсатында «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Кибернадзор» АЖ) пайдаланылады. Жыл басынан бері «Кибернадзор» АЖ арқылы Қазақстан Республикасы аумағындағы 5 164 интернет-ресурс пен жарнама және интернет-казино мен электрондық казино қызметі бұғатталды», - делінген құжатта.

Оқи отырыңыз: «Өлі жандар» жалақы алып отырған: Шымкентте 48 млн теңге жымқырылды

Новости партнеров