Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасына 8 ауданнан 300-ден астам жоба келіп түскен

almaty.tv
almaty.tv
Қала тұрғындары өз аудандарына қажетті жобаларды өздері ұсынуға мүмкіндік алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сөйлейтін орындықтар, жасанды ағаштар, жануарлардың мүсіндері. Бұл «Бюджетке қатысу» жобасы аясында алматылықтардан келіп түскен өтініштер. Естеріңізде болса, өткен жылы қалада жаңа жоба бастау алған болатын. Онда қала тұрғындары өз аудандарына қажетті жобаларды өздері ұсынуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Алматылықтар өтініштерін өткен жылы беріп қойған. Дауыс беру арқылы әр ауданда бірнеше жоба таңдалған. Мәселен, Әуезовте 4 бастама іріктеліпті. Олар, Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театр ауласының құрылысы, балалар алаңы мен ұлттық ойындар алаңын салу. Ең алғаш болып спорт алаңқайының құрылысы басталды.

БЛИЦ:

– Мен осында қанша уақыттан бері тұрып жатырмын. Мына жер шөп басып жататын. Балаларға жақсы болатын болды.  

– Бұл жақсы идея. Жақсы бастамалар қолға алынып жатыр. Халық қуанып қалды.

Спорттық алаңның құрылыс жұмыстарына 21 миллион теңге бөлінген және ол биыл жазда қолданысқа беріледі. «Бюджетке қатысу» жобасы аясында әр ауданды көріктендіруге 500 миллион теңге жұмсалады. Оған тұрғындар өз ұсыныстарын жолдаған. Ең басты талап, бір жобаның жалпы соммасы 100 миллион теңгеден аспауы қажет.

«Бюджетке қатысу» жобасы 2019 жылы пилоттық жоба ретінде қолға алынды. Жоба аясында қала тұрғындары Оpen Аlmaty порталы арқылы өз ұсыныстарын бере алады», – деді Әуезов аудандық көріктендіру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әлімжан САЯХМЕТОВ.

«Бюджетке қатысуға» қаланың барлық 8 ауданынан 300-ден астам жоба келіп түскен. Оның жалпы құны 14 миллиард теңгені құрайды. Шамамен 4000 алматылық дауыс берген. Оның басым көпшілігі құрылыс пен абаттандыру жұмыстарына байланысты. Олардың қатарында қасқырдың мүсіні, жасанды ағаштар мен тіпті сөйлейтін орындықтар секілді ерекше ұсыныстар да болыпты.

Арнат Дүйсен, Қоблан Әлдибеков, «Алматы» арнасы

Новости партнеров