Nur Otan партиясы саяси кеңесінің жаңа құрамы белгілі болды

aigak.kz
aigak.kz
Партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

28 қаңтарда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын қарсаңында партияның Саяси кеңесінің қаулысымен бекітілген күн тәртібіне сәйкес қатысушылар үш мәселені қарады: 1. Партияның Төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.

1. Партияның Төрағасын сайлау туралы

Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен елдің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.

2. Жарғыға өзгерістер енгізу туралы

Осы уақытқа дейін партиялық жарна жалақының ең төменгі мөлшеріне байланыстырылып, ең төменгі жалақының 0,7%-ін немесе жылына 3570 теңгені құрағаны белгілі.

Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес осы жылдың қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік төлемдерді ең төменгі жалақыға байланыстыру алынып тасталды.

Партия Жарғысына сәйкес партиялық жарнаның мөлшерін бекіту Съездің айрықша құзыретіне жататындықтан, бүгін делегаттар партиялық жарнаны айлық есептік көрсеткішке байланыстыра отырып есептеу туралы шешім қабылдады. Бұл айлық есептік көрсеткіштің 0,1-ін, яғни жылына 3676 теңгені құрайды.

Съездің 389 делегатының 389-ы Жарғыға өзгерістер енгізуге дауыс берді.

3. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы

389 делегаттың 389-ы Саяси кеңес құрамының өзгерістеріне дауыс берді.

Оған партия мүшелерінің санына пропорционалды түрде барлық өңірдің өкілдері енді.

Жалпы, партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды.

Әйелдердің үлесі 33,7%-ке дейін өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге, 13%-ке дейін артты. Орташа жас мөлшері 4 жылға төмендеп, 47 жасты құрады. Мемлекеттік қызметшілер саны үштен бірге қысқарды.

Саяси кеңестің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай артты.

Білім беру саласының өкілдері 2 есеге (10%) артты. ҮЕҰ мен БАҚ үлесі 2 еседен астамға, 15,2%-ке ұлғайды.

«Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің жаңа құрамы

1. ТОҚАЕВ Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы

2. ӘБІШОВ Нұралы Әлмаханұлы «Bokei» ЖШС директоры

3. АЙТЖАНОВА Динара Нұржанқызы Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің төрағасы

4. ӘЛСЕЙІТОВ Оспанбек Балтабайұлы «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС Бас директоры «Павлодар мұнай-химия зауыты» БПҰ төрағасы

5. ӘЛТАЕВ Аманжол Дүйсенбайұлы Филолог ғалым, айтыскер ақын

6. АЛТЫНБЕКОВ Бекзат Қомарұлы «Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

7. АСКЕРОВ Эмин Халилұлы «Green TAL» ЖШС әлеуметтік шеберханасының басшысы, еңбекпен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің мүшесі

8. АХМЕТОВА Гүлмира Асқарқызы «Қазақстан халық банкі» АҚ Талдықорған өңірлік филиалының директоры

9. ӘШІМБАЕВ Мәулен Сағатханұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы

10. ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Берік Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

11. БАҚТЫҒАЛИЕВА Айнұр Қайсарқызы «Life4job» ЖШС директорының орынбасары «Life4job» БПҰ төрағасы «Nur Otan» партиясы жанындағыЭкономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі

12. БАЛТАШЕВА Айнагүл Қыдырбайқызы Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Bolashak saraiy» ШЖҚ МҚКК басшысы

13. БЕГЕНТАЕВ Мейрам Мұхаметрахимұлы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры

14. БУЛГАЦЕВИЧ Татьяна Борисовна «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ  Қостанай облыстық филиалының төрағасы

15. ҒАБИДУЛЛИНА Зульфия Раухатовна Спорт шебері

16.  ГРАЧЕВ Михаил Владимирович  «Дорожно-строительное управление №13» АҚ директоры

17. ЖӘКІБАЕВ Мұрат Орынбайұлы «Белес» компаниялар тобының бас директоры Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы


18. ЖАМАНБАЛАЕВА Шолпан Ерболқызы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты бас директорының орынбасары

19. ЖАРТЫБАЕВ Серік Тілеуханұлы Ақпараттық технологиялар колледжінің басшысы

20. ЕРНИЯЗОВА Айсұлу Әлімжанқызы «Волонтерлар лигасы» ҚҚ төрағасы

21. ЕРХАТОВ Аманбай Елеуұлы «Қызылорда Балық» ӘКК» ЖШС директоры

22. ЕСЕНҚҰЛОВ Такталифум Садуұлы «СНПС-Актобемунайгаз»  АҚ Бас директорының бірінші орынбасары

23. ЕШЕНҚҰЛОВ Талғат Ильясұлы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры – басқарма төрағасы

24. ЖАУДЫР Айболат Жанғалиұлы М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры  

25. ЖҮДЕБАЕВ Арман Әділханұлы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры

26. ЖУКОВА Ирина Николаевна Жеке кәсіпкер

27. ЖҮНІСОВА Фарида Амансарықызы «Әулие-Ата Феникс» ЖШС директоры

28. ЖҮСІП Нұртөре Байтілесұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

29. ЗАКАРЬЯ Күнсұлу Дальтоновна Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ Бас директоры

30. ЗЕНЧЕНКО Геннадий Геннадьевич «Зенченко и К» ШС директоры

31. ИМАШЕВА Снежанна Валерьевна Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

32. ИСАБАЕВ Бейбіт Өксікбайұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

33. ИСЕНОВА Махаббат Кұрмантайқызы Журналист, теле- және радиожүргізуші

34. ИСХАХОВ Талғат Жүнісбекұлы «БалТекстиль» ЖШС директоры

35. КАЗАНЦЕВ Павел Олегович Қазақстан Республикасы Мәжілісі Төрағасының орынбасары

36. ҚАЛТАЕВА Ләззат Молдабекқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

37. КАНАЛИМОВ Ерлан Ермекұлы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы

38. КАНКУРОВ Станислав Владимирович Алматы қаласы мәслихатының хатшысы

39. КЕНЖЕХАНҰЛЫ Рауан «Bilim Media Group» ЖШС директоры

40. КИМ Вера Александровна Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ төрағасы

41. КӨБЕЕВА Алтынай Орманқалиқызы «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ директоры

42. ҚОШАНОВ Ерлан Жақанұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

43. КҮРІШБАЕВ Ақылбек Қажығұлұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

44.  КҮСЕСОВА Назерке Берікқалиқызы «Айкөркем», «Райымбек» шаруа қожалығының директоры

45.  ҚЫДЫРӘЛІ Дархан Қуандықұлы «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ Басқармасының төрағасы

46.  ҚАМЗАБЕКҰЛЫ Дихан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры – Басқарма мүшесі

47.  ҚҰСПАН Айгүл Сайфоллақызы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

48.  ЛИМАРЕНКО Марина Анатольевна «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы

49.  ЛОРИЯ Давид Григорьевич Қазақстандық футболшы, ҚР футбол құрамасының экс-капитаны

50.  МАКАРЕНКО Александр Геннадьевич «Nur Otan» партиясы ССГПО» филиалы төрағасының бірінші орынбасары

51.  МАМБЕТОВ Еркебұлан Нұрмагамбетұлы «Мамбетов и К» КТ директоры Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Солтүстік Қазақстан өңірлік кеңесінің төрағасы

52.  НАБИЕВ Әміржан Әміржанұлы «Атрикс-Строй» ЖШС директоры

53.  НЫҒМАТУЛИН Нұрлан Зайроллаұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

54.  НОВОЛОДСКАЯ Зоя Владимировна «Силумин-Восток» ЖШС даму жөніндегі директор Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің төрағасы

55.  НҰҒЫМАРОВ Айбек Серікболұлы Төрт дүркін әлем чемпионы, «Әлем Барысы», «Қазақстан Барысы» турнирлерінің екі дүркін жеңімпазы Көлік колледжінің директоры Семей қ.

56.  НҰРБЕК Саясат BTS-Education білім жобаларының басшысы

57.  НҰРЖІГІТОВА Дана Өмірбайқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

58.  ОЖАЕВ Нұрлыбек Жұмахметұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

59.  ОРАЛОВ Асхат Раздықұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары

60.  ОСИН Анвар Абзалетдинович «ТД «Абзал» ЖШС бас директоры

61.  ОСИН Кирилл «ЭКО Маңғыстау» ҮЕМ директоры

62.  ПАУЛИ Элина Сергеевна «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Директорының орынбасары, Президенттік жас кадрлар резервінің мүшесі

63.  ПЕРЕПЕЧИНА Ольга Валентиновна Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары

64.  ПЛАТОНОВ Артур Станиславович Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

65.  ПЯ Юрий Владимирович «University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма Төрағасы, «Қазақстанның Еңбек Ері»

66.  РАУ Альберт Павлович Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

67.  САДВАКАСОВА Динара Тайбасарқызы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы

68.  САИРОВ Ерлан Бияхметұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

69.  САЛЖАНОВ Исламбек Төлеубайұлы «Altyn kyran» компаниялар тобының бақылаушылар кеңесінің төрағасы

70.  САРИН Қалқаман Айымғазыұлы Өскемен қаласыМәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

71.  САРЫМ Айдос Әміроллаұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

72.  САУЭР Иван Адамович Агрофирма «Родина» ЖШС директоры «Қазақстанның Еңбек Ері»

73.  СЕМҒАЛИЕВ Әлібек Аманжанұлы «Сазанқұрақ» ЖШС бас директорының орынбасары

74.  СЕРҒАЛИЕВ Нұрлан Хабиболлаұлы М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры, басқарма төрағасы

75.  СМЫШЛЯЕВА Екатерина Васильевна Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

76.  СПОТКАЙ Максим Александрович Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппарат басшысының орынбасары

77.  СҰЛТАНҒАЗИЕВ Қуат Елеусізұлы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Алматы филиалының директоры

78.  СҮГІРБАЙ Аят Исатайұлы «Ұлттық рух» ҚБ төрағасы «ACS» ЖШС коммерциялық директоры

79.  ТАЖЕКЕЕВ Әзілхан Әуезханұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Археология және этнография» ҰЗО басшысы

80.  ТАҢАТАРОВА Жадыра Нағашыбайқызы Сайрам ауданы Сайрам ауылы Сайрам қосалқы мектеп-интернатының директоры

81.  ТАНБАЕВА Базар Ермағанбетқызы «Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары

82.  ТӨЛЕУТАЕВ Мұхтар Есенжанұлы Нұр-Сұлтан қаласы Онкология орталығының бас дәрігері

83.  ТҰРСЫНОВ Алмат Жанабілұлы «Қарасу-Астық» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы «Қазақстанның Еңбек Ері»  

84.  ӨРІСБАЕВ Аббат Жәнгірханұлы «ForteBank» АҚ Атырау филиалының директоры

85.  ӨТЕУІЛОВ Нұркен Әшімханұлы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық жұмыс жөніндегі директорының орынбасары

86.  ХИЛЬНИЧЕНКО Александр Викторович «Хильниченко» коммандиттік серіктестігі төрағасының орынбасары

87.  ЧЕРНЫШЁВА Иннеса Александровна Өскемен қаласындағы Л. Гумилев атындағы №38 гимназияның директоры

88.  ЧИДУНЧИ Ирина Юрьевна Экология жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің төрағасы

89.  ШИБУТОВ Марат Мақсұмұлы Саясаттанушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі

90.  ШИМАШЕВА Рахат Сейдахметқызы Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі

91.  ШОЙБЕКОВ Бекарыс Ақсақалұлы Түркістан қаласы Балалар-жасөспірімдер орталығының директоры Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары

92.  ЭКТОВА (Литвиненко) Ирина Андреевна Жеңіл атлетші, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт  шебері


Новости партнеров