Ұлттық банк 18 жасқа дейінгі балалар шотына бөлінетін қаржыны салыстырып, тексеріп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
- Қазір бізге түскен мәліметтерді тексеріп жатырмыз, ол бағдарламаның операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ). Біз салыстырып тексереміз, база ауқымды. Әділет министрлігі мен Азаматтарға арналған үкіметтің базасы бойынша біздің жүйеге кіретін 7 миллионға жуық бала бар, - деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов банкте өткен брифинг барысында.
Оның айтуынша, бүгінде әр балаға шот ашылды, салыстырудан кейін ол толығымен іске қосылады.
- 2024 жылы 700 миллион долларға жуық қаржы 18 жасқа дейінгі балалар шотына бөлінеді, - деді ҰБ төрағасы.
Бұған дейін Ұлттық банк инфляцияны 15,25% дейін төмендету туралы шешім қабылдады.
Одан бөлек, Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі кредит пен ипотекаға қалай әсер ететіне қатысты пікір білдірді.
Оқи отырыңыз: Оңтүстік Кореяда IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасы басталады