Былтыр әкім халықпен 7 рет кездесу өткізген
Өткен жылы Алмалы ауданының әкімі халықпен жеті кездесу өткізген. Жиынға жалпы саны 2100-ден астам аудан тұрғыны қатысып, ең өзекті деген 94 сұрақ көтерілді. Оның ішінде 37 мәселе бойынша түсініктеме беріліп, 54 мәселе оң шешімін тапқан. 3 мәселе бойынша әлі деп жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ, былтырғы жылы аудан әкімі аппаратының жалпы құжат айналымы 14339-ды құрапты. Ал, аудан әкімінің веп сайтына 3117 өтініш түскен.
Алмалы ауданының аумағы 18 400 шаршы метрді құрайды. Тұрғындары саны 17 119 адам. Ауданы әкімі Бекқали Нұрғалиұлының айтуынша ауданның өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жалпы алғанда әлеуметтік салада және экономиканыӊ нақты секторында оӊ нәтиже көрсеткенін атап өтті. Бүгінде ауданныӊ салық түсімі 421,3 млрд. тенгені құрап, жоспардыӊ орындалуы 105%-ға жеткен.
«Көтерілген мәселелердің 77 пайызы тұрғын-үй коммуналды шаруашылық мәселесі және көріктендіру саласы. 7 пайызы әлеуметтік, 6 пайызы сауда, 4 пайызы азаматтық хал актілерін тіркеу, ал 2 пайызы экология және 4 пайызы өзге мәселелерге қатысты. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемелекеттік органдар қызметінің басымдығы болып саналады», - деді Алмалы ауданының әкімі Бекқали ТОРҒАЕВ.
Ауданда 30730 кәсіпорын тіркелсе, оның 28458-і шағын және орта бизнеске тиесілі. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2 290-ға артқан. Сондай-ақ, өткен жылы ауданға 102,9 млдр теңге инвестиция құйылған.
«2019 жылы ауданда атқарылған шаралар мен жоспарланған жұмыстар бойынша есебімді таныстырып өттім. Алдағы уақытта тұрғындар үшін жайлы қалалық ортаны қалыптастыру үшін қаламызды көріктендіру және коммуналды-шаруашылық саласындағы және таңы да басқа жүмыстарды жалғастыратын боламыз», - деді Алмалы ауданының әкімі Бекқали ТОРҒАЕВ.
Жиын соңында аудан әкімі тұрғындардың ойын тыңдады. Кейбір әлі де шешілмей жатқан келелі мәселелер алдағы уақытта оң шешімін тауып, кез-келген шағымды қараусыз қалдырмауға уәде берді.
«Алты жыл бұрын уақытша баспанам бар болатын. Үйдің қасында. Енді ескіріп құлағаннан кейін соны жаңартып тура сол жерге қайта тұрғыздым. Бірақ әлі күнге дейін соны заңдастыра алмай жүрмін», - деді бір тұрғын.
«Маған ертең түс қайта келіңізші. Бұл сұрақты жеке талдайық. Ертең түс қайта күтемін сізді», - деді аудан әкімі.
Аудандағы атқарылып жатқан шараларға көңілі көңіл толып, алғысын айтуға келгендердің де қарасы қалың болды. Әсіресе, көше бойындағы қауіпсіздік артып, жарық шамдарының көбеюі жұрттың ойынан шығып отыр екен.
«Түкебаев көшесінің бойындағы жол қауіпсіздігі жылдамдығы қалыпқа келтірілді. Өзіңіз айтқандай көшеміз жарық. Сіздерге алғыс айтамыз», - деді келесі тұрғын.