Болат Әбділманов: Әйел - тазалықтың символы

Болат Әбділманов: Әйел - тазалықтың символы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Адам баласының іңкәр пейілін бейбітшілікке бейнелеген, бейбіт елдің бесігін тербеткен аяулы арулар. Ертең шуақты күн - 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі. Өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры бола білген қыз келіншектерді еліміздің танымал тұлғалары мен өнер жұлдыздары да құттықтап, ақжарма лебізін білдірді. Олар айналаға әр беретін, тіршіліктің көркін келтіретін арулардың рөліне тоқталып, бар игі тілегін жеткізді.

«Тіршілік қыздан басталады дейді. «Қыздың жолы қызырдың жолы, қыздың сөзі қызырдың сөзі»,-деп құрмет тұтып жатады қазақ. Ендеше бүгінгі мереке мерейлі болсын. Аналар, қыздар үшін әр күніміз мерекелі де берекелі болуы тиіс. Әрбір отбасымыздың ұйытқысы, Отанамыздың берекесі, мерекесі сіздерсіздер. Аман жүріңіздер», – деді ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан

«Тазалықтың, ізеттіліктің, сұлулықтың символы. Егер әйел заты болмаса еркек алдына мақсат қойып соған жету жолында еңбек ете алмайды. Өйткені, ер азаматқа өнерде де, өмірде де шабыт беретін аяулы арулар, ханымдар. Өсіріп жатқан ұрпағыңыздың қызығын көріңіздер. Әр уақытта жаныңызды жадырататын жақсы адамдар көп болсын. Әрбір арайлап атқан таңдарыңыз қуанышқа толы болсын», – деді актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов.

Новости партнеров