Алматыда Ұлы отан соғысы ардагерлеріне, жалғызбасты зейнеткер мен мүгедектерге азық-түлікті тегін жеткізіп беретін жаңа жоба пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мақсаты – карантин кезінде көмекке мұқтаж топтарға қолғабыс көрсету. Олар онсыз да біреудің көмегінсіз далаға шыға алмайтын қарттарға қалағанын үйге дейін әкеліп береді.
Компанияның әзірге тек жеткізіп беруі тегін. Тек не қалайтынын айтып, хабарласса болғаны. Болашақта қайырымдылық шарасын өткізіп, 100-ден аса соғыс ардагеріне азық-түлік толы себет табыстамақ.
«Холаейдж жобасында ешқандай қызметкерлер жоқ, бұл жерде волонтерлік жұмыс арқылы барлық қызмет атқарылады. Яғни, біз инстаграм желісі арқылы волонтерларды іздеп, тауып, тек қана Алматы қаласында ғана емес, бүкіл Республика бойынша бізге 100-ге жуық волонтер бар, сол волонтерлар азық-түлікті немесе өмірге қажетті заттарды жеткізіп береді», – деді Holaid жобасының ұйымдастырушысы Маралдым БЕКТҰРҒАНОВА.