Мейрамбек Бесбаев пен Баян Алагөзова халыққа үндеу жасады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жуырда екпе алған продюсер әсерін бөлісті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әнші Мейрамбек Бесбаев пен продюсер Баян Алагөзова халықты вакцина алуға шақырды. Бұл туралы Paparazzi бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың ойынша, қауіпті вирустан құтылудың жолы.

«Вакцинаны салдырмаса болмайтын шығар. Онсыз болмайды. Өйткені қаншама жақындарымыздан айырылдық. Бұл ойнайтын нәрсе емес. Өте қауіпті індет. Одан сақтанудың тиімді жолы вакцина болып тұр. Сондықтан аман қалу үшін халықты вакцина салдыруға үндеймін», – деді Мейрамбек Бесбаев.

Әнші вакцинаны жазда салдыруды жоспарлап отыр. Өйткені ағзасында COVID-19-ға қарсы антидене әлі бар екен.

Жуырда екпе алған продюсер әсерімен бөлісті. Әдетте ине көрсе, кірпідей жиырылатын Алагөзова бұл жолы батыл қадамға барғанын айтты.

«Инеден қорқамын деген жай сөз. Қатты қорқамын. Бірақ мен бұл қорқынышымды жеңе білдім», – деді продюсер.

Бастапқыда вакцинаның бірінші мен екінші дозасының арасы 21 күнді құрау қажет екені айтылған. Денсаулық сақтау министрінің соңғы мәлімдемесіне сәйкес екі екпенің ортасындағы үзіліс 45 күнге созылмақ.



Новости партнеров