Семинар 2 күнге созылады
Алматыда ұшу-қону жолағының жағдайын жаһандық бақылауға арналған 2 күндік семинар өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа технологияны қолдану бойынша тәжірибе алмасу үшін мегаполиске халықаралық азаматтық авиация ұйымының сарапшылары, сондай-ақ АҚШ, Ирландия, Финляндия және басқа елдердің өкілдері келді. Білікті мамандардың айтуынша, қыстың суық және қарлы, сондай-ақ күз-көктемде ауа райының құбылмалы болуынан әуе қызметі кейде аэродромдарда қиындыққа тап болды. Сарапшылар «GRF технологиясының қауіпсіздікті сақтауда, ұшу уақытын жоспарлауда септігі мол» дейді.
Айта кетейік, жаңа әдісті Қазақстан 2021 жылы енгізген.
– GRF технологиясын енгізуге аса мән береміз. Себебі оның ұшудағы қауіпсіздікке ғана емес, авиациялық индустрияға көмегі бар. Бұл – семинар әуе қызметіндегі қауіпсіздіктің артуына жасалған қадам. Осы іс-шараға халықаралық сарапшылар мен білікті мамандар қатысты, – деді «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры Каталин Раду.
Оқи отырыңыз: Биыл ақылы жолдан қанша ақша жиналды