|
01.04.2019 | 18:12
3122

Қатерлі ісікке шалдыққан балаларға көмектесу үшін тәжік әншілері Алматыда концерт өткізді

Концерт билеттерінің сатылымынан түскен қаражат науқас сәбилердің саулығы үшін жұмсалады

Қатерлі ісікке шалдыққан балаларға көмектесу үшін тәжік әншілері Алматыда концерт өткізді

Онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмектесу үшін Тәжікстаннан келген әншілер мен отандық эстрада жұлдыздары Алматыда концерт берді деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әншілердің бәрі тегін өнер көрсетуге келіскен. Концерт билеттерінің сатылымынан түскен қаражат науқас сәбилердің саулығы үшін жұмсалады.

Айта кетсек, ұйымдастырушылар мұндай қайырымдылық шараны дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.

«Бұл Тәжікстанның Қазақстанға жасаған тартуы. Біз бұл концерттен түскен қаржыны Нағима Жұмашқызының «Здоровая Азия» қорына береміз деген ойдамыз. Себебі, олар қатерлі ісікке шалдыққан балаларға арналған УЗИ аппаратын сатып алу үшін қомақты қаржыға мұқтаж болып отыр», - деді концерт ұйымдастырушысы Мехрангез Каримова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир