Алматыда сел туралы алдын ала хабар беретін құрылғылар қондырылмақ

Алматыда сел туралы алдын ала хабар беретін құрылғылар қондырылмақ
Жапон мемлекетінің тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа құрылғыларды іске қосу - алға қойған негізгі мақсаттардың бірі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласын селден сақтау бойынша апат жөнінде ерте хабардар ететін дабыл сигналы  бағдарламасы  жаңа құрылғылар қондырылады. Бұл туралы, бүгін Алматы қаласындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және  сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автоматты бақылау жүйесі Ақсай және Аюсай шатқалдарында бөгеттер салу жөнінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осыдан бірер жыл  бұрын Наурызбай ауданда  болған сел апатынан қаншама үйлер зардап шегіп, халық абдырап қалған болатын. Айтып келмейтін аппаттың алдын алу мақсатында мамандар жан-жақты білгендерін алмасуда.  Жапон мемлекетінің тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа құрылғыларды іске қосу - алға қойған негізгі мақсаттардың бірі.

«Білім министрлігінің берген мақсатты бағдарламасы бойынша Сейсмополигонға арналған жабдықтар қойдық. Ол негізі үш-үштен 9 қойылу керек:  6-ын қойдық. Жүйені «Дәрмен» бағдарламасына енгізіп қойдық», – дейді Алматыдағы Сейсмология институты басшысының орынбасары Ринат Әміржанов.

Новости партнеров