«Самұрық-Қазына»АҚ қызметкерлерінің жалақысы 48 пайызға өседі.

Almaty.tv
Almaty.tv
Үстемақыны 248 мың адам алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлерінің жалақысы 48 пайызға өседі. Қор басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, үстемақы 248 мың адамға немесе қызметкерлердің 90 пайызына беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Жалақының өсуі төмен лауазымдағы қызметкерлерге қатысты көрінеді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін құрамындағы 4 компанияның өндірістік қызметкерлерінің де еңбекақысын көбейту жоспарланып отыр.

«Қазатомөнеркәсіп», «ТауКен Самұрық» 10 пайыз, «Қазақтелеком» 18 пайызға дейін, «Самұрық - Қазына Өңдеу» 15 пайызға дейін өседі.  «Қазпоштаның» қазіргі жағдайын түсіне отырып, біз өткен жылы компанияны 3,5 млрд теңге капитал жасадық. Қосымша мүмкіндігін арттыру өндірістік қызметкерлер айлығын көтеруге сеп болды», – деді  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қызметкерлерінің де жалақысы өсті. Оның басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, өткен жылы компаниялар тобы қызметкерлерінің жалақысы 30 пайыз көтерілген. Бұл ретте айта кету керек,73 мың адам «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында  жұмыс істейді.

«Ірі мердігерлік ұйымымының қызметкер саны 27 мың адам. Компаниямыз Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істейді. Оның ішінде біздің кәсіпорындар көп шоғырланған аймақ – Маңғыстау облысы. Сондықтан бұл аймақтағы жағдай біздің жіті назарымызда. Мұнда 18 кәсіпорында 30 мыңға жуық адам қызмет етеді», – деді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев. 

Новости партнеров