|
23.05.2019 | 16:42
1442

«Ұлы дала қырандары» тоғызқұмалақтан турнир өткізді

«Ұлы дала қырандары» тоғызқұмалақтан турнир өткізді

Тоғызқұмалақ ойынын мектеп бағдарламасына енгізу қажет. Қазақстан Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел осындай бастама көтеріп, Алматыда тоғызқұмалақтан турнир өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұлттық ойыннан жарысты «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Қазақстан президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабы ұйымдастырған. Кандидат тоғызқұмалақты өзі ойнап, жастарға үлгі көрсетті. Ондағы мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ұлы дала мәдениетін жаңғырту. Бүгінде тоғызқұмалақ ел ішінде ұмытыла бастаған. Сондықтан, Сәдібек Түгел ұлттық ойынды мектеп бағдарламасына енгізіп, балаларға бірінші сыныптан бастап үйретуді ұсынып отыр.  

«Қазір тоғызқұмалақты әлем таниды. Бұл – федерацияның негізінде дамып келе жатқаны. Ал, жалпыұлттық деңгейде тоғызқұмалақ кемшін түсіп жатыр. Бірінші себеп – тоғызқұмалақтың мектеп бағдарламасына енбегені. Олай болса біз осыны қолға алып, алдымен денешынықтыру мұғалімдеріне үйретуіміз керек», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек ТҮГЕЛ.

«Ресми түрде спорт жақсы дамып жатыр. Бірақ халық арасында әлі көп жұмыс істеу керек. Бүгінде он адамның біреуі ғана ойнай білетін шығар. Сондықтан ұлттық ойындарды насихаттау керек. Бұл – біздің төл тарихымыз, төл мәдениетіміз. Бұл ойын да домбыра секілді әр қазақтың отбасына енуі керек», – Алматы қалалалық Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Еркебұлан ХАЛЕЛОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир