Осы жазылғандар арқылы әлеуметтік желілерде «Almaty Телерадиокомпаниясы» АҚ-ның (бұдан әрі - Телеарна) бейнекадрлары заңсыз пайдаланылған бейнеролик таратылып жатқанын мәлімдейміз, оған шындыққа сәйкес келмейтін Tesla жасаған әлдебір бірегей бағдарлама жөнінде мәтін қосылған.
Телеарна шығаратын бейне және аудиоөнімдер зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалғанын ескертеміз.
Телеарнаның бейнероликтерін алаяқтық мақсатта пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтық жауапкершілікке әкеп соғады.